Атаулы күнге орай «КТА ММ» құрамасының ойыншысы Нұрболхан Шарапов, «Арал-Ас» құрамасының ойыншысы Ғалым Махамбетов және «Қармақшы» құрамасының ойыншы Жандос Самалбеков «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.
Әзілкеш жігіттердің КВН сахнасында жүргендеріне - 10 жыл.
«10 жылда көптеген елге барып, өнер көрсеттік. Біраз жеңістерге жеттік. Жуырда Тұрсынбек Қабатовтан КТА арасынан жақсы ойыншылар шығып жатса, Масляковтың лигасына апарауға ұсыныс түсті», - дейді Нұрболхан Шарапов.