«Таңшолпан». 9-10 ақпан күндері Астанада «Маусымашар-2018» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 9-10 ақпан күндері Астанада «Маусымашар-2018» фестивалі өтеді

08.02.2018

«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукенұлы және «Қазақстан КВН Одағы» бірлестігінің өңірдегі өкілдері Оңдасын Құлымбетов пен Әліби Төлепбергенұлы студияда қонақ болды.

«3 ақпан күні «Маусымашар-2018» фестиваліне командаларға онлайн тіркелу тоқтатылды. Биыл үміткерлер рекорд орнатты. Ойынға республикамыздың түкпір-түкпірінен 594 команда тіркеліп үлгерді. Гала-концерт 9-10 ақпан күндері алғаш рет «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді. Биылғы маусымның тақырыбы - «Жарасым».

9-ы күнгі маусымашардың арнайы бағдарламасында бұрынғы чемпиондар және жаңа командалар өнер көрсетеді. Ал, 10-ы күні Жоғары Лигаға іріктеу жасаймыз», - дейді Есен Елеукенұлы.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу