Балғынбек Имаш: Бұрын ақындарды тәрбиелемейтін, қазір дәстүрлі өнер мамандығы бойынша дәріс беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балғынбек Имаш: Бұрын ақындарды тәрбиелемейтін, қазір дәстүрлі өнер мамандығы бойынша дәріс беріледі

08.11.2017

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш бағдарлама төрінде қонақ болды.

«Зерттеушілердің айтуынша, айтыс көне ғасырдан, біздің эрамызға дейін тұрмыс-салт жырларынан басталған. Мысалы, жар-жар, бәдік айтыс. Көбінесе, айтыс қыз бен жігіттің тартысы болған. Мысалы, салт-дәстүр бойынша қыз ұзатылған жағдайда қыз жақтан бір адам ән айтып, басқалары қосылатын. Екі топ, екі өкіл айтыстың сәні болған. Айтыс – қыз бен жігіт арасындағы өмір бақи келе жатқан тартыс.

Қазақтың айтыс өнерінде ең алғаш үлгі болған Қазақстанның Халық ақындары Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекова. Екеуі өнердің егізіндей болған. Олар кез келген сахнаны жарқыраткан. Ең бірінші ақбозат мінген ақын қыз Жадыра Құтжанова апамыз. Айта берсең үлгі болар азаматшалар көп.

Қазір көбіне көрермендер Айнұр Тұрсынбаева екеуміз туралы айтады. Екеуімізді айтысқа шақырып жатады.

Бұрынғы заманда цензура болмаған. Қыз-жігіттер өзара қалжыңдасқан. Бірақ, үлкен адамдардың арасында беталды өнер көрсетпеген. Қазіргі заманда да айтыс астарлап айтылады. Бетімен кетепейді.  Бұрын ақындарды тәрбиелемейтін. Қазір ақындарға Қазақ ұлттық өнер академиясында дәстүрлі өнер мамандығы бойынша дәріс беріледі», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу