«Таңшолпан». «Наз» мемлекеттік би театры Халықаралық фестиваль-конкурсынан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Наз» мемлекеттік би театры Халықаралық фестиваль-конкурсынан жүлдемен оралды

06.11.2017

Грозныйда өткен фестиваль-конкурста «Наз» мемлекеттік би театры жүлдемен оралды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстер Қадиша Ағымбаева байқаудан алған әсерімен бөлісті.

«Фестивальге Қазақстан атынан үлкен ұжыммен қатыстық. Театр ұжымы байқауға дуэт және топтық сайыс үшін төрт би алып барды. Біздің қыздар билері арқылы қазақ қызының қайсарлығын, өжеттігін, нәзіктігін көрсетті. Олар біздің биге, костюм, қол қимылына таңқалды.

Әрбір би – қойылым. Өнерімізбен көрермен түйсігіне бір нәрсе болса да қалдыруға тырысамыз. Аяқ астынан келетін шабыт жақсы қойылым, биге әкеледі. Біз үшін ең бастысы– әуен. Әуен жүрекке жетсе, ол міндетті түрде ғажап биге айналады», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу