«Таңшолпан». Данияр Сүндетбаев: «Nurintech» жобасына шетелдегі қазақтар да қатыса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Данияр Сүндетбаев: «Nurintech» жобасына шетелдегі қазақтар да қатыса алады

06.11.2017

Студия қонағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев «Nurintech» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы туралы әңгімеледі.

Байқау «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен қатарынан екінші жыл өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 8 млн теңгені құрайтын ауқымды жобаға 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Авторлар тобы 5 адамнан аспауы керек. Жазбаша нұсқадағы жұмыстар қабылданбайды.

Жобаның қорытындысы жыл соңына қарай белгілі болады. Конкурстық комиссияға танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілі, Парламент депутаттары кіреді. Үздік қатысушылардың жобалары қолданысқа енетін болады.  «Nurintech» жобасының мақсаты - жастарды ғылыми, инновациялық қызметке тарту арқылы олардың потенциалдарын арттыру.

«Сонымен қатар, биылдан бастап «Жас Отан» жастар қанаты 5-ші дүниежүзілік қазақтар құрылтайы жас қазақ көшбасшыларының бірінші форумын өткізді. Осы құрылтайда басқа елден келген қонақтарға жобаны көрсеттік, шетелдік қонақтар ұнатты. Енді оған біздің қандастарымыз, этникалық қазақтар да қатыса алады. Үміткерлер 10- қарашаға дейін өтінім бере алады», - дейді Данияр Сүндетбаев.

Хабарламаларға жазылу