Төртінші жарыс күнінде грузиялық әнші Кеңес Дүйсекеевтің туындысын шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төртінші жарыс күнінде грузиялық әнші Кеңес Дүйсекеевтің туындысын шырқады

05.11.2017

«Silk way star» байқауының төртінші жарыс күні үміткерлер қазақ музыкасының классикалық шығармаларын орындады. Тамаша кешті Кеңес Дүйсекеевтің әнін таңдаған Темо Саджая жалғастырды. Бүгінгі сынақта ол «Өкінбе сен» атты әнді орындады.

Өнерімен көрерменді байқаудың алғашқы күнінен тамсандырып келе жатқан әншіге қазылар алқасының мүшесі Медеу Арынбаев пікір білдірді:

- Бұл ән әдейі Темоға жазылған ән сияқты болып тұр. Басқа көршілес елдерге қарағанда, тіліміз жақын елдерге қарағанда әрине, Темоға ауырлау болды. Аз уақытта жаттау қиын болғандығы көрініп тұрған шығар. Бірақ, «жарайсың!» дегім келеді.

Өз кезегінде «Қазақстанды не үшін жақсы көремін?» деген сұраққа әнші елімізді «тарихымен, мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен бірге жақсы көремін» деп жауап берді.

Хабарламаларға жазылу