«Таңшолпан». Ұлттық арна жақында «7 бөлімше» атты телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ұлттық арна жақында «7 бөлімше» атты телехикая ұсынады

31.10.2017

«7 бөлімше» - криминалдық драма жанрында түсіріліп жатқан телехикая. Туындыда ата-анаға құрмет, махаббат, бауырмалдық пен еңбекқорлық, адамгершілік пен әділдік секілді мәселелер қозғалады.

 Уақыт – емші. Уақыт өте келе адамның жүрегіндегі жара жазылады. Өмірге деген көзқарас та өзгереді. «7 бөлімшеде» аса қауіпті қылмыскерлермен айналысатын ағайындылардың басты мақсаты – кек қайтару емес, істің мән-жайын анықтау.

Телехикаяның әрбір бөлімі екі оқиға желісінде өрбиді. Алғашқысы ағайындылардың әртүрлі қылмыстық істерді ашу барысында әке өліміне қатысты қылмыскердің кім екенін анықтау болса, екіншісінде олардың арасындағы бауырмалдық, отбасылық құндылықтарды сақтауға талпыну секілді өмірлері көрсетіледі.

7 бөлімнен тұратын фильм Алматы қаласында түсіріліп жатыр. Көп ұзамай Ұлттық арна көрермендерінің назарына ұсынылмақ. 

«Көркем суретті фильм ретінде неге түсірмеске деген ой келді. Биыл Қазақстан полициясының, ҰҚК-нің 25 жылдығы. Бірақ, олардың қызметтері туралы туындалар аз. Біз сол алғашқы қарлығаштарының біріміз», - дейді режиссер Асқар-Мұхит Сатыбалдыұлы.

Хабарламаларға жазылу