«Таңшолпан». 27-29 қазан аралығында Астанада қазақ күресінен чемпионат өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 27-29 қазан аралығында Астанада қазақ күресінен чемпионат өтеді (ВИДЕО)

27.10.2017

27-29 қазан аралығында Елордада қазақ күресінен чемпионат өтеді. Осыған орай студияға «Қазақ күресі» әлем чемпионатының бас төрешісінің көмекшісі Қапар Рауанов, қазақ балуаны Бейбіт Ыстыбаев және Жаңа Зеландия құрамасының чемпионы Чико Реремоана Пемпертон қонақ болды.

 

«Бұл додада әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 167 балуаны бақ сынайды. Осы уақытқа дейін 21 мемлекеттің қатысушылары келіп үлгерді. Дайындық жақсы жүріп жатыр. Ел намысын 9 балуан қорғайды», - дейді Қапар Рауанов.

 

«Бұл менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келгенде ерекше күйге бөленемін. Қазақстан маған ұнайды. Шақыруларыңыз үшін рахмет. Біздің елде қазақ күресі туралы көп білмейді. Алайда келешекте қазақ спорты біздің елде кең танылатынына сенемін», - дейді Чико Реремоана Пемпертон.

Хабарламаларға жазылу