ҚР халық әртісі, әнші Нұржамал Үсенбаева бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Мен театрдан кетсем де, әншілік өнерімді тастаған жоқпын. Жұмысым жалғасып жатыр. Гастрольдерім өтіп жатыр. Опера әншілері бейнебаян көп түсірмейді. Алайда мен үш бейнебаян түсіріп үлгердім.
Былтыр «Мама» халықаралық қайырымдылық қорынан ұсыныс келіп түскен. Сол жобаға дайындық жүріп жатыр. Қайырымдылық менің шығармашылығыма өте жақын. Әрқашан қайырымдылық концерттер беріп тұрамын.
Біз көрермендерге эстетикалық ләззат, музыканың әдемілігін жеткізуіміз керек. Сондықтан біз сахнадағы бейнеге сәйкес болуымыз керек. Көрермендер әр кімге өз бағасын беріп жатар», - дейді әнші.