«Таңшолпан» Әнші Алтынай Жорабаева қандай оқушы болды?(ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» Әнші Алтынай Жорабаева қандай оқушы болды?(ВИДЕО)

25.05.2017

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Мектепте ұяң оқушы болдым. Қыста үзілісте далаға шығуға да қорқатынмын. Белсенді оқушы болған жоқпын. Кейін отбасылы болғанда ашылдым. Ал, ән айтуды университет қабырғасында бастадым.

Мектепке оқып жүрген кезімде мұғалім болғым келетін. Себебі, оларды қадірлейтінмін. Қазақ тілі мен тарих пәнін ұнататынмын. Бірақ, әнші болдым. Өнерге аяқ астынан келдім.

Университетте өнер адамдарын қатты қолдайтын. Жарыстарға қатыса бастадым. Сөйтіп, халықтың ықыласына бөлендім. Биыл мектеп бітіргеніме 23 жыл болды», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу