Әкім Ысқақ: Тегімнің өзгеріп кеткенін өзім де білген жоқпын... (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкім Ысқақ: Тегімнің өзгеріп кеткенін өзім де білген жоқпын... (ВИДЕО)

04.02.2017
Әкім Ысқақ: Тегімнің өзгеріп кеткенін өзім де білген жоқпын... (ВИДЕО)

Мектеп қабырғасында сегіз жыл бойы Сұлтанұлы болып өскен Әкім Ысқақ тегінің бір-ақ күнде қалайша Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы болып өзгеріп кеткені турасында айтып берді.

«Бірінші сыныптан бастап тегім Сұлтанов болды. Атамның атында жүрдім. Оның өзгеріп кететінін өзім де білген жоқпын. Себебі, туғаннан ата-әжемді ата-анам деп, әкемді ағам деп өстім. Қазақы тәрбие ғой. Сегізінші сыныпта комсомолға өттім. Сол кездері атам да қайтыс болды. Қабырғам қайысып жүргенде, комсомол билетін алуға бардым. Қарасам, аты-жөнім «Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы» деп жазылыпты. Үйге жеткенше жылап келдім...»

Бүгін «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасы қоғам қайраткері, ақын, сазгер, ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы Әкім Ысқақтың отбасында қонақта болды.

«Сенбілік таң»  мұрағаты

Хабарламаларға жазылу