«Әзіл әлемін» көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әзіл әлемін» көріңіз

24.01.2016
«Әзіл әлемін» көріңіз

Элла Уилер Уилкокстың әдемі сөзі бар: «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды».

Қазақта күнделікті тұрмысқа, жора-жолдастарға, билікке және т.б. арналарға арналған  әдемі әзіл, қуақы қалжың жетерлік.

Ұлттық арнадағы «Әзіл әлемі» бүгінгі қоғамдағы кейбір жайттарды астарлы әзілмен жеткізуге тырысады. Тұрсынбек Қабатовтың әзілкештері әркімнің басында бар жағдайды ұтымды әзілмен көрсетіп жүрген әртістер.

Содан болар, халық «Әзіл әлемін» қанша көрсе де, еш жалықпайды. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:40-та және 21:00-де көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу