Тұрсынов Наурыз қарсаңында «Кемпір» туындысын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсынов Наурыз қарсаңында «Кемпір» туындысын ұсынады

26.02.2014
Тұрсынов Наурыз қарсаңында «Кемпір» туындысын ұсынады
Фильм авторы сюжеттің мазмұнын құпия сақтауды ұйғарыпты. Тек бұл әзілге толы ақылды картина болмақ, деп хабарлайды tengrinews.kz. «Интрига сақталғанын қалаймын. Барлығы кинотеатрға барып, бір күліп алсын. Бұл халықтық комедия болмақ. «Махаббат және көгершін» фильміндегі әзілдерге ұқсайды. Сол киноның қазақшасы деуге болады. Әзіл жастарға да, үлкендерге де арналған. Ешқандай ерсі қалжың болмайды. Бұл – мейірімді комедия», - дейді Тұрсынов.
 
«Кемпір» картинасы Наурыз мерекесі қарсаңында кинотеатрлардан көрсетілмек. Фильмдегі басты рөлдерді «Тамаша» шоу-бағдарламасының әртісі Қадырбек Демесін мен  «Қиылыс» сериалы арқылы танымал Ғазиза Әбдінәбиева сомдайды. Сонымен қатар, Асанәлі Әшімов те бұл картинада ойнаған.  
 
«Бұл адамдарды қолдау, олардың көңіл-күйін көтеру, оларды күлдіру мақсатында түсірілді. Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күніне арналған тарту» , - дейді режиссер.
 
Айта кету керек, «Кемпір» фильмі өткен жылдың жазы мен күзінде Алматы қаласы мен облысында түсірілді.

Хабарламаларға жазылу