Өзбек аруы Саида «Show must go on» әнімен әділ қазының көңілінен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбек аруы Саида «Show must go on» әнімен әділ қазының көңілінен шықты

14.10.2017

Келесі үміткер «Silk Way Star» жобасының бірінші күнінен бастап-ақ шоу жасады. Бүгін де ол әдетінен жаңылмай, барлық шоудың ұранына айналған әлемдік хитті дайындаған. Ол Өзбекстанның аруы Саида.

«Мен орындайтын ән «Show must go on» деп аталады. Орындауым бәріне ұнағанын қалаймын. Сахнаға кеше шыққан адам емеспін. Осы уақытқа дейін нағыз күрестің арқасында жеттім... Бұл ән әкеме, атам мен әжеме арналады. Олар өкінішке қарай, қасымда жоқ».

Қазылар алқасының мүшесі Эльдар Гасимов (Әзірбайжан):

- Сенің бұл әнге жаныңды салып орындағаның көрінді. Өз сезімдеріңді осында отырған барлық көрермендерге көрсете білдің. Мен үшін әншіні сипаттайтын дүниелер – дауыс, сыртқы келбет және жақсы антруаж. Бүгін осының бәрін сахнадан көрдім.

Хабарламаларға жазылу