«Silk Way Star» байқауында Саида түркітілдес елдерге ортақ батыр патшайым туралы асқақ әнді шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» байқауында Саида түркітілдес елдерге ортақ батыр патшайым туралы асқақ әнді шырқады

19.11.2017

Ұлы Жібек жолындағы үлкен сапарға тоғыз елдің үмітін арқалап келген үміткерлеріміз кезекті жарыс күнін бастады.

«Silk Way Star» жұлдыздары бүгін өз елдерінің  батырлары, туған ел  қаһармандары туралы жырлады.

Кезекті жарыс күнін түркітілдес елдеріне ортақ батыр патшайым туралы асқақ ән ашты. Оны Саида орындады.

«Біздің өзбек мұрасы әуенге бай. Олар әлі күнге дейін бар және өз құнын жоғалтпаған шығармалар», - дейді әнші. Бүгін өзбек аруы «Тумарис» атты әнді шырқады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):

 

- Саида өзбектің Жанна Д’Аркі. Вокалдық тұрғыдан өте әдемі образ жасапсың, жоғарғы ноталар сондай ауқымды болды, қалықтап кетті. Өте әдемі ноталар болды. Кешірім сұраймын әрине, бірақ сенен дыбыс жетелеу мәдениетін бірінші рет байқадым. Соңыңнан әскер ерткен қолбасыдай дыбыстарды да жетеледің.

Хабарламаларға жазылу