Өзбек аруы соңғы жарыс күні авторлық әнімен көрерменді тамсандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбек аруы соңғы жарыс күні авторлық әнімен көрерменді тамсандырды

17.12.2017

«Silk Way Star» сахнасына байқауда Өзбек елінің намысын қорғаған Саида шықты.

«Қатысушылардың барлығын сағынамын. Әрқайсысы мен үшін бағалы. Сондай –ақ, осы жобаға атсалысқан барлық жандарды, редакторлардан бастап режиссерлерге дейін сағынамын. Біз бір үлкен отбасына айналып кеттік», - деді жобаның бір ғана кезеңіне сене алмаған өзбек аруы.

11-бағдарламада Саида өзінің авторлық әнін шырқады. Ол «Унутмайман» деп аталады.

Қазылар алқасының мүшесі Айбен Ерсой (Түркия):

- Сен бұл әнді жарыңа арнап шырқадың. Сондықтан, тамаша орындау болды. жан-дүниеңмен түсініп, сезініп айттың. Маған бәрі ұнады, әсіресе әуені. Керемет орындау, гүлдермен қойылған хореография да әдемі шықты. Тамаша кәсіби орындау көрсеттің. Сен мені тамсандырдың!

Хабарламаларға жазылу