Бүгін ақын Бәкір Тәжібаевтың туғанына - 92 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ақын Бәкір Тәжібаевтың туғанына - 92 жыл

15.05.2018

Бүгін қазақ өнерінде ерекше туындыларымен есте қалған ақын, композитор Бәкір Тәжібаевтың туғанына 92 жыл.

Ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев 1926 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1950 жылы Алматы көркемсурет-театр училищесін бітірген. 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актерлық қызмет атқарды.

Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланды. «Қара торғай» тұңғыш жинағына новеллалары енген. «Сал сері-Қыз қосан», «Ана жүрегі, «Қарагөз қарындасым», «Ақтау әні» пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды.

«Ақ-бұлақ» әнінің шықаннына жарты ғасыр өтсе де өз биігінен түскен емес. Бәкір Тәжібаевтың жазған жырларына Әбілахат Есбаев, Нұрғиса Тілендиев, Сейдолла Бәйтереков, Ескендір Хасанғалиев сынды белгілі композиторлар ән жаз ған.

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев – «Қамар сұлу» операсы либреттосының, 150-дей әннің авторы. Бірқатар әндері, оның ішінде «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Аппағым-ау, Аппағым», «Гүлсің-ау» Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу