Бүгін Амангелді Имановтың туғанына - 145 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Амангелді Имановтың туғанына - 145 жыл

03.04.2018

Қазақ халқының батыры Амангелді Үдербайұлы Иманов - Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Ол 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының кедей шаруа отбасында туған.

7 жасында әкесі, одан 5 жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға жұмыс істей жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады.

Елім деп егіліп, ерлі туын қолынан түсірмеген Амангелді Иманов - сол кездегі патшаның отаршылдық саясатына, алым-салықтың көбеюіне ашынып, халықтың бас көтеруіне себепкер болған даңқты қолбасшы. Ұйымдастырушылық қырымен танылған ол Торғай қазақтарының көтерілісіне қатысушы 50 мыңға жуық сарбазды басқарып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ететін шеберханаларды да жасақтады. Иығына мылтық іліп, атқа қонған, қол астындағы сардарларына ұрыс жүргізу тәсілдерін үйреткен батыр жауынгерлік өнердің де хас шебері болды.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу