Омар: Соңымнан жақсылыққа шақырған әндер қалғанын қалаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омар: Соңымнан жақсылыққа шақырған әндер қалғанын қалаймын

07.10.2017

«Ұлы жібек жолы жұлдызы» жобасының тағы бір қатысушы – Қырғыз елінің өкілі Омар. Ол 2008 жылы Алла Пугачеваның «Алтын Жұлдыз»-ын ұтып алған. Әншінің қоржынында 50-ден аса туынды бар екен. Жобаның алғашқы кезеңінде ол Қырғыз елінде де, Қазақ елінде де өте танымал әнді орындады.

Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұртстан):
«Бұл ән Башқұртстанда да танымал. Біреудің көңіл-күйі болмаса бір сәтте көтеріп жібереді. Сондай көңілді ән. Қатты ұнады».

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу