Шымкентте жауын салдарынан көшелер мен аулалар суға толды
Шымкентте 2-3 сағат толассыз жауған нөсер жауыннан қала көшелері мен аулалар көлкіген су ортасында қалды. Сай саланы қуалай аққан су тіпті қаладағы супермаркет пен дәмханаларға дейін жайылған. Әлеуметтік желіде тараған бейнекөріністе тұрғындардың дүкен ішінде су кешіп жүргенін және дәмханадан сыртқа шыға алмай қалғанын көруге болады. Жаңбыр суы автокөліктердің қозғалысын қиындатып, көшеде кептеліс болды. Шаһардағы бірқатар жер үйдің ауласы да суға толып, тұрғындар суды соруға көмек шақырған.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00