«Таңшолпан». Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл (ВИДЕО)

28.09.2017

Мұхтар Әуезов - қазақтың кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері.

Әуезов прозасының алдымен көзге түсетін қасиеті – биік мәдениеті. Жазушы Еуропа әдебиетінің дәрежесін еркін меңгерген.

Бүгін күллі әлемге Абайды танытып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер Мұхтар Әуезовтың туған күні.

Сол дәуірдегі халықтың тыныс-тіршілігін, қарым-қарекетін, болмыс-бітімін суреттеген жазушының шығармалары мол тағылымға ие.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысында Мұхтар Әуезовтың құрметіне үлкен саябақ ашылды. Биыл мектеп оқушылары 2 гектарды қамтитын саябаққа тал отырғызып жатыр. Арнайы шақырылған қонақтар арасында жазушының Еуропадан келген немересі де бар.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз

Хабарламаларға жазылу