«AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің отырысы өтті

12.04.2022

2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің отырысында айтылды. Кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Асхат Ораловтың айтуынша, биыл партия ұлттық мәдениет пен өнерді қолдауда бірнеше шараны қолға алады. Соның бірі – айтыс.

Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

Дәстүрлі «Алтын домбыра» ақындар айтысынан бөлек биыл «Бабалар аманаты» айтысын да ұйымдастыруды ұсынамыз. Партия әрдайым халықтың сөзін сөйлейтін сөз зергерлерін қолдайды. Бұдан бөлек, биыл еліміз ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы жән Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл секілді айтулы даталарды атап өтеді.

БАҚ САЛАСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Жиында сондай-ақ, БАҚ саласын жетілдіру, ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсібилігін нығайту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту бағытында қолға алынған шаралар сөз болды. (( ))

Асқар Умаров, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Қазіргі уақытта біз ұсыныстарды жинап, БАҚ саласындағы негізгі қоғамдық ұйымдармен келіссөз жүргіземіз. Сарапшылармен бірлесе отырып заңнаманы жетілдіру тетіктері бойынша концепция әзірлейміз. Ол үшін БАҚ, азаматтық қоғам, ҮЕҰ өкілдерін, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі ұйымдардың басын қосып, арнайы жұмыс тобы құрылуда.

Саламат Мирас

Хабарламаларға жазылу