Бүгін - Халықаралық туризм күні. Осыған орай Туризм индустриясы комитетінің сарапшысы Нұрбол Байжанов студия қонағы болып, еліміздегі туризмнің дамуы, мемлекеттік бағдарламалар туралы сөз қозғады.
«Қазір елімізде туризм ілгерлеуде. Халықтың көзі ашық. Бұл салада қыруар жұмыстар атқарылуда. Алдағы жылдары туризм дамымаса, артқа жылжымайды.
Елімізде өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жаһандағы біраз мәселелерді көтерді. Біз өткізген көрме Қазақстанның әртүрлі елдерді қабылдай алу әлеуеті мол екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан туристік саланы дамытудың тұжырымдамасы қабылданып, осы тұжырымдама аясында жұмыс істеу жоспары тұр. Одан басқа, Елбасымыз тарапынан да туризм саласына үлкен көңіл бөлініп отыр», - дейді қонақ.