Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Үміткер» жаңа реалити-шоуы көрерменге жол тартты. Бағдарлама жүргізушісі – белгілі қазақстандық кәсіпкер Қуаныш Шонбай. Реалити-шоудың алғашқы шығарылымында қатысушылардың бағы мен бабы сыналды.
Қатысушылардың өздері таңдап алған турникеттен өтуге арналған магнитпен кейбірі келесі кезеңге жолдама алса, енді бірі жарыс жолын бастамай жатып аяқтады. Ал, турникеттен өткендерге шарт бойынша 1 минут ішінде өзі жайлы барынша көп мағлұмат беру жүктелді.
Одан кейін үміткерлердің 1 минут ішінде дастархан жабдықтау қабілеті тексерілді. Ал, топтық тапсырмада қатысушылардың ішіне су құйылған 12 түрлі ыдыстан мұнара тұрғызып, бір үстелден екіншісіне апаруы арқылы топтың көшбасшысын анықтау негізге алынды.
Осылайша, бүгін көрерменге жол тартқан реалити-шоудың алғашқы шығарылымы аяқталды. Келесі кезеңдерде тапсырманың бүгінгіден де күрделеніп, қатысушылар арасындағы бәсекенің о артатыны сөзсіз.
Айта кетейік, жоба жеңімпазы Қуаныш Шонбайдың компаниялар желісінен жалақысы жоғары топ-менеджерлік қызметке ие болып қана қоймай, 5 миллион теңге көлемінде сыйақы алатын болады.
«Үміткер» реалити шоуын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан әр жексенбі, сағат 18:05-те көре аласыздар!