«Балапан» телеарнасына – 4 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасына – 4 жыл (ВИДЕО)

27.09.2014
«Балапан» телеарнасына – 4 жыл (ВИДЕО)

Бүгін «Балапан» телеарнасына - 4 жыл. Осыған орай бүлдіршіндердің сүйікті  арнасы өзінің кішкентай көрермендеріне арнап, тікелей эфирде «Балапанмен бірге» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Онда балғындар бойындағы өнерлерін  паш  етіп, мың бұрала билеп, әуенді ән шырқады. Сондай-ақ, жүзден  жүйрік  мыңнан  тұлпар  атанған  балалар сурет салу мен тағам  әзірлеуден  де кенде емес  екендерін  көрсетті.  

Осы жылдар аралығында арна ұжымы елеулі жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. 3 пен 12 жас аралығындағы  көрермендер  назарына 100-ден астам бағдарлама,  20-ға жуық  анимациялық мультфильм, 2 сериал ұсынды.

Лаура БЕКЖІГІТ

 

 

Хабарламаларға жазылу