«Balapan» телеарнасының 7 жылдығына орай «Самға, Балапан» атты мерекелік шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасының 7 жылдығына орай «Самға, Балапан» атты мерекелік шара өтеді

20.09.2017
«Balapan» телеарнасының 7 жылдығына орай «Самға, Балапан» атты мерекелік шара өтеді

Еліміздегі балаларға арналған тұңғыш арна «Balapan» телеарнасының 7 жылдығы қарсаңында, 23 қыркүйекте Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Самға, Балапан» атты мерекелік шара өтеді.  

Бүлдіршіндердің бойына ана тіліміздің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтарын сіңіріп, эфирде ұсынылып келе жатқан  тележобалар арқылы  болашақ ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру - арнаның басты міндеттерінің бірі. 

Осы орайда 7 жылдық жұмысты қорытындылай келе, көркемдік кеңестің шешімі бойынша: «Ең үздік тікелей эфир жүргізуші», «Ең үздік бағдарлама жүргізуші», «Ең үздік анимациялық фильм», «Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама», «Ең үздік дубляж», «Ең үздік сценарий авторы», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік спорттық бағдарлама», «Ең үздік телехикая», «Ең үздік музыкалық бағдарлама», «Ең үздік танымдық бағдарлама», «Ең үздік интеллектуалдық бағдарлама», «Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама» номинацияцияларымен марапатталып, соңы мерекелік гала-концертке ұласады.

Сондай-ақ, «Balapan»  арнасының ұжымы кішкентай қонақтарымызға арнап түрлі тосынсыйлар, аниматорлар, аквагрим және селфи алаңы сияқты қызықты шаралар ұйымдастыратын болады.

Айта кетейік, «Balapan» телеарнасы  2010 жылдың 27 қыркүйегінде «Qazaqstan» РТРК» АҚ құрамында ашылған болатын, ал  2012 жылдың 1 қазанынан бастап  HD форматта хабар таратуда.  

Хабарламаларға жазылу