Жұмабек Сарабек:  Сириядағы деэскалация аумағына бітімгерлерді жіберудің ықтималдығы төмен (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмабек Сарабек:  Сириядағы деэскалация аумағына бітімгерлерді жіберудің ықтималдығы төмен (ВИДЕО)

14.09.2017

Бүгін Мемлекет басшысы Сириядағы деэскалация аумағына бітімгерлерді жіберуге байланысты пікірін айтты. «Біріншіден, біздің Конституциямызға сәйкес шиеленісу ошағына бітімгерлерді жіберу-жібермеу туралы шешімді Парламент қабылдайды. Біз БҰҰ-на мүшеміз. Егер БҰҰ Сирияға әскер жіберу қажет деп тапса, онда біз де әскер жіберуге мәжбүрміз»,-деді Президент.

Осы мәселеге қатысты бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек те көзқарасын білдірді.

«Бұл жерде меніңше, Елбасының айтқысы келгені – қазақстандық әскерилердің шет аумақтардағы әскери операцияларға қатысу реті. Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ ықтималдығына  нақты баға берсек, меніңше, жақын арада мұның ықтималдығы  төмен. Себебі, Сирияға БҰҰ халықаралық контингент жіберуі үшін тиісті жағдайлар болуы керек. Яғни, оқ ату тоқтауы керек. Қазір белгілі бір позитивті қадамдарға қол жеткізгенмен, жалпы жағдай қиын»,-дейді ол.

Бағдарлама барысында Сириядағы бүгінгі ахуал туралы да сөз болды.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Хабарламаларға жазылу