Жұмабек Сарабек: Астана процесінің басты міндеті – оқ атуды тоқтату (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмабек Сарабек: Астана процесінің басты міндеті – оқ атуды тоқтату (ВИДЕО)

03.05.2017

Бүгінгі «Басты тақырып» Астанада өтіп жатқан Сириядағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге арналды. Студия қонағы – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек.

«Сирия қақтығысын талқылаған кезде басты есте ұстайтын жайт – бұл қақтығыс бірнеше деңгейден тұрады.

Бірінші деңгей – Сирияның ішіндегі қарама-қайшылықтар. Онда бірнеше саяси топтар бар. 

Екінші деңгей – аймақтық қарама-қайшылықтар. Мұнда Иранның, Араб  монархияларының өз мүдделері бар.

Үшінші деңгей – әлемдік деңгейдегі геосаяси мүдделердің қақтығысы.  Бұл жерде Ресей мен АҚШ-ты айтсақ болады.

Тараптар арасында ортақ бір мәмілеге келу – өте қиын іс. Осы ретте Астана процесінің басты міндеті – бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығысты бір сәтте шешу емес, бұл жерде соғысты тоқтатудың ең басты алғышарты ол – оқ атуды тоқтату»,-дейді сарапшы.

Хабарламаларға жазылу