Абылай Мырзахметов: 2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына кәсіпкерлік  сабағы енгізіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Мырзахметов: 2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына кәсіпкерлік  сабағы енгізіледі (ВИДЕО)

12.09.2017

Бүгін «Басты тақырып» хабарында қонақ болған «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлікке мектеп қабырғасынан бастап баулу жобасына қатысты пікір білдірді.

«Кәсіпкерлікке оқыған азаматтың  бәрі кәсіпкер бола бермейді. Тек 10-15 пайызы болар. Бірақ ойында қалса, алдағы уақытта басқа салада жұмыс істесе де,  көмегі тиеді. Сондықтан,  2019 жылы 4 сыныптан бастап сабақ жүргізіледі», - дейді  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ,  ол биыл 80 ауданда, келесі жылы барлық аудан орталығында кәсіпкерлік туралы бір айлық  курс ашылатынын айтты. Оған жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, ауыл тұрғындары қатыса алады.

Сұхбаттың толық нұсқасы.

Хабарламаларға жазылу