Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дінтану» білім беру бағдарламасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дінтану» білім беру бағдарламасы енгізілді

13.10.2014
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дінтану» білім беру бағдарламасы енгізілді

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Дінтану» білім беру бағдарламасына енгізілді. Осы арқылы оқу орны болашақта дінтану пәні мұғалімдерін даярлау ісін жолға қоймақшы.

Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде дінтану факультатив сабағы ретінде берілсе, 2016 жылдан бастап негізгі пән болып енгізіледі. Ал, ол бойынша оқытатын мамандар тапшы. 

Өзекті мәселені шешу мақсатында университет ғалымдары, біраз жылдан бері дін тарихы мен мәдениеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қорын жасақтады.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу