Латын әліпбиі ең алдымен мектеп бағдарламасына енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын әліпбиі ең алдымен мектеп бағдарламасына енгізіледі

17.03.2021

Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Ең алдымен мектеп бағдарламасына енгізіледі. Содан соң мемлекеттік органдар мен банк жүйесі көше бастайды. Мамандардың айтуынша, көшедегі латын қаріпіндегі жазбаларға халықтың көзі үйренді. Сондықтан еңбекке қабілетті азаматтар үшін жаңа әліпбиді қабылдау еш қиындық тудырмауы тиіс. «Цифрлы Қазақстан» мен латын алфабитіне көшу қатар жүргізілсе, құжаттарды ауыстыру жұмыстары азаймақ.

Әбдіжәлел Бәкір, мемлекет және қоғам қайраткері:
Латын әліпбиі бізге көп жаңалық әкелу керек. Егер осыны біз шын мәнісінде түсініп, жаппай енгізетін болсақ, бұның біздің рухани дүниемізге әкелер үлесі мол болады деп ойлаймын. 

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Көшкеннен кейін біз біртұтас мемлекетпіз, ешқандайда орыс тілді, қазақ тілді деп бөлінуге қақымыз жоқ. Сондықтан бұдан қорықпауымыз керек. Барлығы да бірдей көшеді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу