«balapan» арнасында «Біз де бала болғанбыз» тележобасы жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» арнасында «Біз де бала болғанбыз» тележобасы жарыққа шығады

20.11.2017
«balapan» арнасында «Біз де бала болғанбыз» тележобасы жарыққа шығады

«Өткен күннен бір белгі». Дәл осындай бағытта «balapan» телеарнасында «Біз де бала болғанбыз» тележобасы жарыққа шықты. Әлеуметтік-танымдық бағдарлама «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында көрермендерді еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын сан алуан этнос өкілдерінің тағдырымен таныстырмақ.

Қызықты, әрі дарынды тұлғалардың еңбек жолындағы алғашқы қадамдары қандай болды? Осы және өзге де сұрақтарға тележоба барысында шолу жасалады. Сонымен қатар, хабар барысында арнайы сюжеттер әзірленеді. Жоба барысында кейіпкерлер мектептерге саяхат жасап, кішкентай бүлдіршіндердің сұрақтарына жауап береді.

 «Біз де бала болғанбыз» жобасын 20-қарашадан бастап«balapan» телеарнасынан  жұмыс күндері сағат 20:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу