«Мәселе». Кітапта неге кінәрат көп? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе». Кітапта неге кінәрат көп? (ВИДЕО)

02.09.2017

Оқушы кітабынан қандай қателік таптыңыз? Осы сұрақты әлеуметтік желіге жазып көріңізші. Әп-сәтте ата-ана мынадай-мынадай қате бар деп, дәлел-дәйектің мыңын жаудырады. Бақсаңыз, дені әріптің түсіп қалғаны, грамматикалық қателер емес, одан да сорақы.

Ұстаздар қауымы қарама-қайшылық пен қатеге толы кітаптың кесірінен оқушылар оқудан үйреніп емес, жиреніп бара жатыр дейді.

Мектепте мұғалім түсіндіре алмағанды бала үйде отырып, орындай алмасы анық. Орындамай барса, «екілік» алады. Амалсыздан ата-ана қыруар қаржысын сарп етіп, репетитор жалдайды.

Қаладағылар репетитор жалдар, ал ауылдағы ағайын не істейді? Қалтасы көтермейтін жұрт ше? Осы арада Қазақ радиосы көмек қолын созды. «Үй тапсырмасы» деген бағдарлама ашты.

«Қазіргі пәндер өте қиын. Ондағы тапсырманы оқушы өздігінен шығара алмайтыны белгілі. Сондақтан, осы мәселені шешудің бір жолы  радио деп ойладық. Кез келген ата-ана, оқушы тікелей эирге хабарласып, сұрағын қояды. Жауабын да бірден алады»,-дейді «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек.

Хабарламаларға жазылу