Астанада Құрбан айт кезінде малдарды союға арналған орындар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Құрбан айт кезінде малдарды союға арналған орындар анықталды

26.08.2017
Астанада Құрбан айт кезінде малдарды союға арналған орындар анықталды

«Құрбан айт» - қажылық біткен соң, Ораза айт мерекесінен кейін 70 күннен кейін келетін қасиетті мереке. Әлемнің барлық мұсылмандары Құрбан айт мерекесін жыл сайын тойлайды.

Биыл Құрбан айт мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік Айт намазы оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді.

Бүгінде Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды:

1.  «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта);

2.  «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);

3.  «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар»  тас жолы 9 шақырым;

4.  «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20;

5.   «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары),  Тілендиев көшесі, 24;

6.   «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым;

7.  «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ;

8.  Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі;

9.  «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында;

10.  «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү.,

Оған қоса әр учаскеде мұқтаж адамдарға құрбандық шалуды қабылдау бойынша пункттер жұмыс істейтін болады. Мұндай пункттер елорданың барлық мешіттерінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу