Биылғы оқу жылында 3 миллионнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы оқу жылында 3 миллионнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды

31.08.2018

Ертең – Білім күні, жаңа оқу жылы басталатын күн. Бұл атаулы мереке ғана емес, жауапты салтанат. Өйткені, алғашқы қоңырау үнімен бірге оқушылар үшін ілім-білім жинайтын кезең басталады. Биылғы оқу жылында 3 миллионнан астам оқушы еліміздегі 7024 мектептің табалдырығын аттайды. Оның 350 мыңы - 1-сыныпқа барады. Осы жылы республикалық бюджеттен 53 миллиард теңге бөлініп, оған 110 мектеп салынбақ. Жаңа нысандардың бой көтеруі - Елбасының үш ауысымды мектеп мәселесін шешу бойынша жүктелген міндеттің орындалуы. Осы жылғы оқу маусымында жаңадан 72 білім ордасы пайдалануға берілмек. Оның 49-ы есігін 1 қыркүйекте ашса, жыл соңына дейін қалған 23 мектеп салынып бітеді деген жоспар бар. Аталмыш 72 мектептің үшеуі Ақмола облысында, 9-ы - Ақтөбеде, Алматыда - 6, ШҚО - 1, Жамбылда - 4, БҚО - 3, Қарағандыда - 3, Қызылордада - 5, Маңғыстауда - 8, Түркістанда - 20, Алматыда – 7, Астана қаласында – 3 мектеп салынды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу