Алматыда кезекші топтар 1-2 сыныптарға ғана ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кезекші топтар 1-2 сыныптарға ғана ашылады

28.08.2020

Қала мектептерінде 3-4 сыныптарға арналған кезекші топ ашылмайды. Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді.

Жаңа оқу жылын 1-2 сынып оқушылары ғана мектеп қабырғасынан бастайды. Қазір шаһар мектептерінде 193 кезекші сынып ашылып, 2 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Соңғы кезде ата-аналардан балаларының мектепте білім алуына қатысты көп өтініш түскен. Бас санитар дәрігер бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынын айтып, коронавирустың қаупін ескеруді сұрады. 

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Қазір біз 1,2 сынып оқушыларына ғана рұқсат беріп отырмыз. Біздің міндетіміз - жеңілдіктерді кезең-кезеңімен енгізу. Қыркүйек айының ортасында қаладағы эпидахуал жақсарса, сол кезде 3-4 сынып оқушыларына қатысты мәселелерді де қарастыратын боламыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу