«Таңшолпан». Сатирик Көпен Әмірбек: Әйелді бағындырудың үш жолы бар... (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Сатирик Көпен Әмірбек: Әйелді бағындырудың үш жолы бар... (ВИДЕО)

28.07.2017

Бүгін сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек «Абайдың 45 сұрағы» айдарына қатысып, біраз сұрақтарға жауап берді.

«Менің өмірім кино болса, оның жанры ертегі сияқты болар еді. Өйткені өмірім ертегі сияқты, айтса адам сенгісіз.

Күлкінің мың түрі бар, бірақ оның ең сорақы түрі – күлкі. Күлкі болудан азап нәрсе жоқ.

Үй жануарларынан түйені жақсы көремін. Себебі түйеде қазақтың шыдамдылығы, үлкен төзімділігі бар.

Тәңірдің берген ең тәтті сыйлығы – абырой. Одан артық сыйлық керек емес.

Өмірде ешнәрседен жалыққан емеспін, қайта жалыққан адамды қанаттандыруға тырысамын.

Ғажайыпқа сенемін.

Әйелді бағындырудың үш жолы бар. Әйел бағыну үшін ердің басы күміс, қалтасы алтын, мінезі темір болуы керек», - дейді сатирик.

Хабарламаларға жазылу