Басты Жаңалықтар «Таңшолпан». 16 шілдеде «ЭКСПО» көрмесі аясында «Заман» тобының концерті өтеді (ВИДЕО)

«Таңшолпан». 16 шілдеде «ЭКСПО» көрмесі аясында «Заман» тобының концерті өтеді (ВИДЕО)

«Заман» тобы бүгін таңғы бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Астанаға 83 жыл тарихы бар Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрімен «ЭКСПО-2017» көрмесінде өнер көрсетуге келдік. 11 шілдеде басталған концерт үш рет болды. Ендігі концерт 16 шілдеде жалғасады.

Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір - өзен» әнін оркестрмен орындадық. Керемет болды. Біз үшін бұл - кішігірім сынақ», - дейді өнер иелері.

Бөлісу