Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек жолы» атты конкурс жариялайды. Оған кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық жұмысшылары қатыса алады.
Байқау 3 аталымнан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - еңбек өтілі ең ұзақ әулет таңдалады;
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 20 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Салтанатты марапаттау рәсімі «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» республикалық форумы күні Астана қаласында өтеді.
Байқау туралы толық ақпарат:
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы: 8 (717) 2 57-89-09, 57-89-08, 57-89-12;
Астана қаласының Кәсіподақ орталығы 8 (717) 2 21-61-92, 21-68-26;
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы 8 (717) 2 91-90-86.