Шараның басты мақсаты – қала қонақтары мен тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, халық алдында есеп беру.
Концертте алғаш болып мектеп-студия шәкірттері өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш жас түлектерге сертификат табыстау рәсіміне ұласты.
«Керемет мереке қарсаңында біз де өз үлесімізді қосып, мектебіміздің жетістіктерін көрсетіп, таланттарымыздың тартуын ұсынып отырмыз. Көрермендермен жүздескеніме бақыттымын»,- дейді Қарақат Әбілдина.
Концертті Алматыдан арнайы келген «Ұлытау» тобы жалғастырды.