«Таңшолпан». Қыдырәлі Болманов: Мен ұлтыма қажетті, мемлекеттің дамуына себебін тигізетін дүние жасаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қыдырәлі Болманов: Мен ұлтыма қажетті, мемлекеттің дамуына себебін тигізетін дүние жасаймын (ВИДЕО)

30.06.2017

Астана қаласының «Жерұйық» саябағында орналасқан «Бал-бала» кешенінің ерекшелігі - ол қайталанбайды.

«Этно жобалар коммерциялық жоба емес. Түпкі мақсаты идеология мәдениеті болғандықтан, ол өте күрделі. Яғни, заманауи ету, сатылымға шығару, сұранысқа ие қылып, бренд жасау.

Өз тілінде сөйлейтін тұңғыш шыққан ойыншықтар туралы менен көп сұрайды. Бірақ, мен оны тұңғыш етіп жасамаймын. Ұлтыма қажетті, мемлекеттің дамуына себебін тигізетін дүние жасаймын. Былайша айтқанда, ұлттық идеяны коммерциялау. Ұлттық идеяны коммерцияландырмай біз оны дамыта алмаймыз. Өйткені, оған ешкім қаражат бермейді.

Экономика мен мәдениет - қатар дүние. Екеуін бірге алып жүру үшін көптеген іс жасауымыз қажет. Бала ойнаса да, мультфильм көрсе де өзінің ана тілінде сөйлеп, санасы қалыптасуы керек. Және де осыны ойната жүріп дамыту жөн.

Бұл кешен «Диснейленд» секілді үлкен дүниеге айналу үшін көп еңбек ету керек. Ең бастысы дәнек бар. Соны дамыта білу керек. Не жасасам да мелекетіме, ұлтыма, мәдениетіме пайда болу керек»,- дейді әнші.    

Хабарламаларға жазылу