«Таңшолпан». Әнші Қыдырәлі Болманов: Биыл Астананың парктерінде «Бал-бала» әлемін ашамыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әнші Қыдырәлі Болманов: Биыл Астананың парктерінде «Бал-бала» әлемін ашамыз (ВИДЕО)

19.05.2017
«Таңшолпан». Әнші Қыдырәлі Болманов: Биыл Астананың парктерінде «Бал-бала» әлемін ашамыз (ВИДЕО)

Әнші, композитор, продюсер Қыдырәлі Болманов бағдарлама қонағы болды. Бүгін қазақ өнерін дәріптеп жүрген әншінің туған күні. Онымен қоса, Қыдырәлінің отбасында қуанышты жаңалық. Әнші қызды болды.

 

«Көптен күткен қуанышымыз. Биылғы мамыр айы ерекше болып жатыр. Мысалы, биыл Астананың парктерінде «Бал-бала» әлемін ашамыз. Ол қызық дүние болады. Үлкен киіз үй, балар ойнайтын орындар, этникалық стильдегі алаңдар ашамыз. Жыл сайын оны үлкейтіп отырармыз. Бұл - үлкен жауапкершілік.

Халықтың ықыласы адамды аспанға ұшырады. Мен ризамын», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу