Қазақстан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт күшіне енді

08.04.2016
Қазақстан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия арасындағы  өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт  күшіне енді

Құжатқа Мемлекет басшысының Ұлыбританияға 2015 жылғы 3 қарашадағы ресми сапары барысында қол қойылған.

Екі мемлекеттің парламенттері Шартты ағымдағы жылдың ақпанында ратификациялаған болатын.

Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді және қылмысты жасаған тұлғаның кінәсін дәлелдеуге, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен табыстарды тәркілеуге қажетті процестік әрекеттердің толық кешенін өткізуді қарастырады.

Халықаралық құжат - қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық-британдық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Оның іске асырылуы екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыстылықтың алдын алу, анықтау және профилактикасы саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізетін болады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу