Бүгін Астанада «Ұлттық консультациялар 2017: Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің кепілдіктері» атты конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу және қоғамдық ұйымдардың айқындылығы мен есеп берушілігінің нормативтік регламентациясы мәселелеріне арналды.
Ұлттық консультациялар «Эхо» ҚҰ-мен бірлесіп Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (LPRC), «Құқық қорғаушыларды қорғауды ынталандыру мақсатында азаматтық қоғамды күшейту консолидациясы» жобасының шеңберінде Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Консультациялар жұмысына ұлттық құқық қорғау институттарының өкілдері, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Парламент және ҚР Конституциялық кеңесінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдері, жетекші ұлттық сарапшылар және академиялық шеңбер өкілдері қатысты.