ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен биылғы Сенат сайлауының ерекшеліктерін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен биылғы Сенат сайлауының ерекшеліктерін айтты

27.06.2017

Бағдарлама қонағы – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Хабар барысында Ләззат Сүлеймен Сенат сайлауындағы басты ерекшеліктерге де тоқталды. 

«Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – таңдаушыларды электронды тіркеу және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын электронды түрде қабылдау. Яғни, таңертеңгі сағат 9-да депутаттарды тіркеу басталады. Бұл тіркеудің мәліметтері электронды түрде Орталық сайлау комиссиясының экранында көрінеді және бұл туралы мәліметті әрбір қазақстандық сайлаушы Орталық сайлау комисиясының сайтында онлайн көре алады. Бұл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, алдын ала қорытынды да осы жүйемен жарияланып отырады».

Айта кетейік, «Басты тақырып» бағдарламасының бүгінгі шығарылымының тақырыбы – ертең өтетін Сенат сайлауы жайлы болды.

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу