Сайлау науқаны қалай жүруде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау науқаны қалай жүруде?

22.09.2014
Сайлау науқаны қалай жүруде?

Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны.

Демократиялық қоғамда сайлау мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, саяси элита мен жетекшілерді іріктейді, Үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды.

Сондай-ақ,  мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді, саяси жанжалдың алдын алады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау  2014 жылдың  1 қазанына тағайындалды.

Сайлау науқаны қалай жүруде? Дайындық жеткілікті дәрежеде ме? Биылғы сайлау несімен ерекше?

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында осы сауалдарға жауап бермек.

Хабарламаларға жазылу