Жаңа сайланған Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусым күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа сайланған Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусым күні өтеді

11.06.2019

Ресми мәліметке сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6,5 миллионнан астам адам дауыс берген. Яғни, 70,96 пайыз көрсеткішімен жеңіске жетті. Жаңадан сайланған Президентті ұлықтау рәсімі ертең 12 маусым күні өтеді. Сайлау қорытындылары жөнінде толығырақ Ербол Мәндібек әңгімелейді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР ОСК мүшесі: 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 167 649 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы дауысының 1,82 %-ын, Дания Еспаева 465 714 дауыс немесе барлық сайлаушылардың дауысының 5,05%-ын, Әміржан Қосанов 1 495 401 дауыс, яғни барлық сайлаушылардың дауысының 16,23 %-ын, Төлеутай Рахымбеков 280 451 дауыс немесе жалпы сайлаушылардың дауысының 3,04 %-ын алды.

Амангелді Таспиховқа 182 898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 %-ы, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 % дауысын берді. Сәді-Бек Түгел 84 542 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы санының 0,92 %-ының дауысын алды.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу