Сұраған Рахметұлы:Қазақ мемлекетінде рухани жаңғырудың бір ғана мәселесі – Тәуелсіздікті сақтау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұраған Рахметұлы:Қазақ мемлекетінде рухани жаңғырудың бір ғана мәселесі – Тәуелсіздікті сақтау

19.06.2017

22-25 маусым аралығында Астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді. Құрылтай бағдарламасының негізі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.
Айтулы шараға орай, бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы - Моңғолиядағы қазақ қаламгерлері кеңесінің төрағасы, ақын-жазушы Сұраған Рахметұлы.

Бағдарлама барысында студия қонағы Моңғолия еліндегі қазақ жастарының өз тілін ұмытып бара жатқаны қатты алаңдатынын айтып өтті.
«Ұлт тұрған жерде оның мәселесі бар. Қай уақытта да проблемадан, сол ұлттың тыныс-тіршілігінен ары да, бері де кете алмайтын оқиғалар бар. Мені алаңдататыны – ішкі аймақтардағы қазақ жастарының өз тілін ұмытып бара жатқаны. Ал, қыздардың тілі болмағаннан кейін өзге ұлттың адамдарына тұрмысқа шығу мәселесі көрініс тауып жатыр», - деді Сұраған Рахметұлы.
Сонымен қатар, ол қазақ диаспорасын әдебиет, руханият кеңістігінде шектеуге қатысты ойымен бөлісті.

«Әдебиет, руханият кеңістігіндегі шектеу әлемде де болмауы керек. Адамның санасына цензура белгілеу, оны кейінге ысыру немесе оны шектеп ұстау өз мүддесіне байланысты әр байланысты империяда болған. Сол мүдденің ауқымында әр түрлі жағдайлар жүруі мүмкін. Сондықтан, алдағы Құрылтайдың төңірегінде зиялы азаматтар шетелде жүрген қазақ балаларының тіл, дін мәселесін көтеруі әбден мүмкін деп ойлаймын».
- Биылғы көктемнен бері қазақ қоғамына қозғау салған тақырып – Елбасының рухани жаңғыру мәселесі. Жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты қалай сақтап қалуға болады?
- Әрине, бұл ең басты мәселе. Қазақ мемлекетінде рухани жаңғырудың бір ғана мәселесі – Тәуелсіздікті сақтау.

Хабарламаларға жазылу