Ғалымжан Тоқтарұлы - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің құрметіне орай Өскеменнен Астанаға жаяу келген спортшы. Спортшы бағдарламаға қонаққа келіп, ойларымен, қызықты оқиғасымен бөлісті.
Оның мұндай қадамға бару себебі неде? Бұдан кейінгі жоспары қандай?
«Осыдан екі ай бұрын Астанаға келгенмін. Сол кезде «Келесіде Астанаға жаяу келсем», деген ой пайда болды. Онымен қоса «ЭКСПО»-ға азаматтық үлесімді қосқым келді. Ойыммен жарыммен, туыстарымен бөлістім.
Бауырым сақтық шарасы ретінде көлікпен артымнан еріп, видеоға түсіріп жүрді. Жолда үйінде күтіп, тамақ асып берген адамдар да болды.
Жалпы, Астанаға жету үшін 16 күнде 1000 шақырым жол жүрдім. Мен үшін бұл - танымал болудың жолы емес. «ЭКСПО» қалашығына барып, павильондарды көрдім. 16 күн жаяу жүруге тұрарлық», - дейді Ғалымжан.