Жүкті әйелдер перзентханаға жету үшін 500 шақырым жол жүруге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүкті әйелдер перзентханаға жету үшін 500 шақырым жол жүруге мәжбүр

17.02.2020

Шығыс Қазақстанның Марқакөл өңіріндегі әйелдер перзентханаға жету үшін 500 шақырым жол жүруге мәжбүр. Себебі бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы болған ауруханада тиісті дәрігер жоқ. Қазіргі аудан орталығы Күршімге барғанымен, ол жердегі дәрігерлер денсаулығы нашар деген желеумен болашақ аналарды бірден Өскеменге жібереді.

Кезінде жеке аудан болған Марқакөлді Күршімге қосып тастағанына биыл 23 жыл. Содан бері ауылдағы үлкен ауруханада медициналық қызмет сапасы нашарлап кеткен.

Аймақтағы ауыл тұрғындарының жедел жәрдем қызметіне де шағымы көп. Дәрігерлек көмектің осы түрі Өскемендегі бір орталыққа біріктірілгеннен бері машақат көбейген.

Марқакөл өңірінің халқы ауданды қайта ашуды сұрап отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу